SAT, SET, GRE, FCE емтихандарын тапсыруға дайындық

SAT, SET, GRE, GMAT тапсыруға дайындық.

                       SAT, SET, GRE, GMAT тапсыруға дайындық.

 

SAT- Scholastic Assessment  Test- «Академиялық Бағалау Тесті».

SET- Subject Entrance Test- Пән бойынша қабылдану емтиханы.

GRE- Graduate Record Examination- Магистратураға, аспирантураға  т.б. түсуге арналған емтихан.

GMAT- Graduate Management Admission TestБизнес-мектептерде оқуға арналған стандартталған тест.

      Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Еуропа және Азияның кейбір елдеріндегі жоғарғы оқу орындарына түсу  үшін Математика, Физика, Биология, Химия, Сыни ойлау пәндері бойынша халықаралық емтихандар тапсыру негізгі шарт болып табылады. Аталған емтихандардың барлығы ағылшын тілінде тапсырылады.

      Ағылшын тілін меңгеру деңгейі IELTS, TOEFL  тесттерін тапсырумен анықталады. Негізінде, талап бойынша  Бакалавриат бағдарламасы үшін   IELTS-5,5-6, TOEFL – 530-550, Магистратура бағдарламасы үшін  IELTS -7,0-ден бастап ; TOEFL -590-нан бастап болуы тиіс.

      SAT емтиханы үш бөлімнен тұрады: математика, мәтінді талдау және грамматика. Ол 600-2400 баллмен бағаланады.

      Әр оқуға түсу бағдарламасы тиісті балл мөлшерін талап етеді.

Жоғарыда аталған SAT тестінен басқа, пәндік тестілер де бар, олар  SAT-ІІ деп аталады. Бұл деңгейде пән бойынша білім тексеріледі: математика, физика, химия, биология, тарих және т.б. Тестте келетін сұрақтар курстың негізгі оқу бағдарламасын қамтиды. Сұрақтар жеңілден қиынға қарай бөлінеді, тиісінше білім сұрақтың күрделілік шкаласы бойынша бағаланады.