Қағидаттар

Қағидаттар

Оқытудың айқын қағидаттарынсыз оқыту барысын нақты шешу мүмкін емес. Әлемде шетел тілдерін оқытудың көптеген әдістемелері бар, алайда олардың негізі болып дидактикалық, психо-лингвистикалық және оқытудың пәндік факторлары табылады.

         Біз өз жұмысымызда алдымен  тілді және пәнді оқытуда ынталандыру факторларын қолданамыз. Кейде жаңа пәнді оқып үйрену үшін қалау еркі жеткіліксіз. Қағида бойынша, оқу мақсат емес, тек сол мақсатқа жету тәсілі болып табылады. Пәнді оқуда ішкі ынталандыру өз күшіне деген сенімділікті арттыра түседі.

         Жалпыға мәлім дидактикалық қағидаттар: көрнекілік, қол жетімділік, жүйелілік және материалдардың сабақтастығы біздегі оқытудың негізі болып табылады. Таңдап алынған оқу материалдары сынақталған және алға қойылған мақсаттарға толығымен жетуге мүмкіндік береді. Оқыту тәсілдерінің тұтастығы оқу барысын берік, әрі ынталы етеді, яғни болашақта ағылшын тілін ғана емес, сонымен қатар басқа да пәндерді: математика, физика, биология, химия және ағылшын тілінде сыни ойлауды халықаралық бағдарламалар бойынша меңгеруге мүмкіндік береді. Біздің орталықта оқытудың түпкі мақсаты жазбаша және ауызша ақпараттарды (Reading and Listening skills) алу барысында, есту қабілеті бойынша ақпараттарды беру және жазбаша жеткізу(Speaking and Writing skills) барысында ағылшын тілін жетік меңгеру.

         Тілді меңгеру деңгейі IELTS, TOEFL, GRE, SAT және т.б. халықаралық емтихандарымен сынақталады