Оқыту тілі және әдістемелер

Оқыту тілі және әдістемелер

“Keleshek Perspectives” оқу орталығында оқыту барысының сапасын басқаруда Кешенді жүйе қалыптастырылған, бұл топтағы студенттерді саралап оқытуға мүмкіндік туғызады. Біріншіден, оқыту тілі өз ана тіліне сай болуы керек, ол екі түрлі тілдің құрамына салыстырмалы анализ жасауға қажет. Екіншіден,  алдын –ала тестілеу арқылы анықталған  тіл білу деңгейі бірдей болатын кіші көлемді топтың болуы (6-8 адам) дербес ерекшеліктерін, оқу және білу дағдыларын ескеруге негіз болады.

Оқытудағы табысқа жетудің басты шарты оқу материалдарын дұрыс таңдау болып табылады. Шетел тілдерін оқытудағы көпжылдық  тәжірбиелерді ескере отырып, біз халықаралық тәжірбиеде кеңінен қолданылатын және де ҚР білім және ғылым Министрлігімен мақұлданған оқу құралдарын таңдап алдық. Әр жас санатынтағы топтарға арнайы арналған оқу жинақтары таңдап алынды. Әр курс үшін оқу-жұмыс жоспарлары мен бағдарламалары жасалған, және де тақырыптық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар беріледі. Бір жағынан курсты өткізудің нақты жоспарын жасау алға қойылған міндеттердің орындалуына мүмкіндік береді. Екінші жағынан оқу-жұмыс бағдарламалары оқытушының өз әдістемесін қолдануға, өз тәжірбиесін шебер пайдалануға мүмкіндік береді.

Міндетті талап -оқу құралы, оны өту уақыты және қатысым мен үлгерімді қадағалау.