Емтихандар құрылымы

Емтихандар құрылымы

IELTS емтиханының құрылымы
Тест 4 бөлімнен тұрады: тыңдалым, оқу, жазу және сөйлеу қабілеті. Емтихан екі күн өткізіледі.
1) Тыңдалым әртүрлі сөйлеу мәнерінен тұартын 4 бөлімнен құралады: ауыз-ша сөйлеуден (өтінім беру,тіркелу), ақпараттық ( ережелер, нұсқаулар), академиялыққа дейін (лекциядан үзінділер). Берілген тапсырманы тыңдалым барысында орындау керек.
2) Оқу 3 үлкен мәтіннен тұрады. Ереже бойынша ол әйгілі-ғылыми баспа-лардан алынған мақалалар. Тапсырмалар әртүрлі болуы мүмкін: параграф тақырыптарын анықтаудан бастап шағын эсседегі қалып кеткен сөздерді табу сияқты тапсырмалар болуы мүмкін. Сонымен қатар берілген мәтіндегі ақпараттарды пайдалана отырып кестені, диаграмманы, суреттерді толықтыру сияқты тапсырмалар берілуі мүмкін.
3) Жазбаша бөлігі 2 бөлімнен тұрады.Бірінші бөлімде (Writing 1) берілген таблица, график, сурет мазмұны бойынша 150 сөзден тұратын түйіндеме жа-зу. Екінші бөлімде (Writing 2) қоғамдағы қандай да бір мәселеге қатысты өз ойыңды білдіру, мысалы, заманауи ұялы байланыс құралдарының пайдасы мен зияны туралы және т.с.с.
4) Сөйлеу қабілеті Британ елшілігімен басқа күні тексеріледі және күнделікті тақырыптарға сұхбат болып табылады. Тест 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде өзіңіз және қызығушылықтарыңыз туралы жалпы сұрактарға жауап беру керек, екінші бөлім күнделікті өмірден алынған тақырыпқа монологты (2 минут) қарастырады (тақырып карточкада беріледі). Үшінші бөлімде қоғамға жалпы қатысы бар тақырып не мәселе бойынша сұрақ қойылады.
TOEFL емтиханының құрылымы
TOEFL емтиханының үш түрі бары: TOEFL PBT- қағаз жүзіндегі емтихан түрі; CBT- компьютермен өткізілетін түрі; IBT- тесттің ғаламтор нысаны.
Соңғы кезде TOEFL – IBT нысанында өткізіліп жүр. Тест 4 бөлімнен тұрады: оқу, тыңдалым, ауызша сөйлеу, жазбаша жұмыс.
1) Оқу бөлігінде жауаптары берілген (multiple choice) 3 мәтін беріледі. Мәтіндер - академиялық, мазмұны универститет студенттері үшін күрделі мақалалар. Мәтін тақырыптары - ғылыми, салалық. Сұрақтарға жауап беру барысында мәтіннің мағынасын түсіну әрі нақтылық тексеріледі.
2) Тыңдалым бөлігінде диалогтар, лекциядан үзінділер және хабарламалар берілген. Тақырыптары әртүрлі- университеттің күнделікті өмірінен алына-ды, және де түрлі ғылыми тақырыптағы лекциялардан үзінділері де болуы мүмкін.
3) Ауызша сөйлеу(Speaking) екі бөліктен тұрады: бірінші бөлігінде сізден өзіңіз туралы айтып беруді сұрайды және күнделікті өмірдегі сұрақтар қойылады. Екінші бөлікте мәтінде айтылған мәселелерге байланысты өз ойыңызды айтуыңыз керек ( мәтін бөлігі тыңдалуға беріледі).
4) Тесттің жазбаша бөлігі де екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде өз ойыңызды жазуыңыз қажет ақпарат берілді. Кейде салыстырып пікір жазу үшін бір-біріне қарама қарсы екі ой берілуі мүмкін. Екінші бөлім- жалпы тақырыпқа эссе. Әдетте, қазіргі әлемдегі мәселелер бойынша тақырыптар.