Басты бет

Әр қазақстандық үш тілді : қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білуі тиіс. Ол туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  «Болашақ» халықаралық бағдарламасының 20 жылдығына арналған  форумында сөйлеген сөзінде  айтып өтті. «Үш тілді меңгеру біздің қоғам үшін қалыпты жағдай болуы керек»- деп  көрсетті президент. «Басқа ұлтты кемсіте отырып, өз ұлтыңды жоғары қою мүмкін емес». Сондықтан мен үш тіл туралы айтып отырмын. Қазақстан мемлекеттік қазақ тілін білуге міндетті. Екінші –орыс тілі. Біз әлемдік әдебиет пен мәдениетке орыс тілі арқылы шықтық.Және де жаһандану барысында бәсекеге қабілетті болу үшін қазақстандықтар, президенттің айтуынша, ағылшын тілін де меңгеруі тиіс. Қазіргі таңда әлемде шығарылатын 10 миллион кітаптың 85 пайызы ағылшын тілінде жазылған. Немесе, мысал айтар болсақ Қазақтанда 3,5 мың шетелдік компаниялар жұмыс жасайды,- деп айтып өтті президент.

         Осы үш тілді меңгеру қажеттілігі мен оған деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді. «Keleshek Perspectives» оқу орталығының негізгі әрі басты мақсаты қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеруде  қазақстандықтарға білікті көмек көрсету.

         Біздің орталықтың негізгі саясаты: 

  • Халықаралық үлгі
  • Заманауи, озық әдістер
  • Жоғары білікті оқытушылар құрамы

 

«Keleshek Perspectives» ЖШС білім беру саласындағы «Даму»   кәсіпкерлер қорының мақұлдауы мен қолдауын алды.

«Keleshek Perspectives» оқу орталығы балалар мен ересек адамдарға есігін айқара ашып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеруге көмек көрстеуге дайын. Бізде Назарбаев зияткерлік мектебіне және Қазақ-түрік лицейіне түсуге арналған дайындық курстары ашылды. IELTS халықаралық емтиханына дайындық жүргіземіз. Сонымен қатар, орталығымызда мектепке дайындық (қазақ, орыс тілдерінде) топтары, ұзартылған күн топтары да бар. Математика пәнінен ҰБТ-ға дайындық, репетиторлық сабақтар жүргізіледі.

«Keleshek Perspectives» оқу орталығына қош келдіңіздер!