Назарбаев мектебіне дайындық

Мамандандырылған мектептерге түсуге дайындық. ( Назарбаев зияткерлік мектебі, Қазақ-түрік лицейі)

Мамандандырылған мектептерге түсуге дайындық. ( Назарбаев зияткерлік мектебі, Қазақ-түрік лицейі)

 

       Соңғы жылдары арнайы мамандандырылған пәндік мектептерде оқуға деген қызығушылық күннен-күнге артып келеді. Бұндай мектептерге түсу үшін пәндер бойынша қосымша дайындық талап етіледі, себебі мектеп бағдарламасы міндетті білім берудің оқу жоспары мен бағдарламасына ғана негізделіп, шектелген. Әсіресе,  логикалық ойлау дағдыларына аса мән берген жөн. Зияткерлік мектепке түсу барысында логикалық ойлау екі тәсілмен тексеріледі: пән арқылы ( мысалы: математика немесе ағылшын тілі) және логикаға арналған тесттер арқылы тексеру жүзеге асады. Жалпы білім беретін мектептерде осындай пәндер бойынша даярлықтың жоқтығына байланысты  «Keleshek Perspectives»  оқу орталығында Назарбаев зияткерлік мектебіне және Қазақ-Түрік лицейіне түсуге арналған дайындық курстары ұйымдастырылған.

      Назарбаев зияткерлік мектебіне және Қазақ-Түрік лицейіне түсуге арналған дайындық курстары математика, логика, ағылшын, қазақ және орыс тілдері пәндері бойынша тереңдетілген білім беруді қарастырады. Дайындық курстарына 6 сынып оқушылары қабылданады. Оқу мерзімі- 6 ай. Сабақ 90 минуттан аптасына 3 рет өткізіледі.