Деңгейлер

Деңгейлер

Ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалау мен анықтаудың түрлі жүйелері бар: сандық, әріптік, аралас. “Keleshek Perspectives”   оқу орталығы деңгейді анықтаудың классикалық түрін алып отыр: Beginner, Elementary, Pre-Intermediate, Intermediate, Upper-Intermediate және Advanced.

Оқытудың әр деңгейі үшін жоспарлар мен бағдарламалар құрастырылған, тиісті оқу материалдары мен әдістемелері алынған. Білім деңгейі алдын ала тестілеу (Placement Test) бойынша анықталады. Оқу бағдарламасы аяқталғаннан кейін келесі деңгейге өту үшін де қорытынды тестілеу жүргізіледі. Осылайша білім деңгейінің динамикасын  бақылап отыруға болады, өзгеріс байқалмаса кез-келген деңгейге қайтып оралуына мүмкіндік туындайды. Оқытудың тек барлық сатыларын ойдағыдай өткенде ғана халықаралық емтихандарға дайындалуға болады. Оқытудағы кешенді тәсілдеме ғана нәтижелі, сапалы әрі болашақта тілді пайдалану жетістіктеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Тілді сатылы түрде үйрену -  халықаралық білім, ғылым, мәдениет және т.б. салаларды танудың кілті болып табылады.

Шетел тілін меңгеруді кемпірқосақ сияқты ерекше, тамаша табиғи құбылыспен салыстыруға болады. Түс  спектрлері қалыпты түрде бір түстен екінші түске ауыса отырып ерекше суретті бейнелейді. Кемпірқосақ  идеясын басшылыққа алған “Keleshek Perspectives” орталығы оқытудың жеті сатылы жүйесін қалыптастырды.

1- деңгей – “Beginner”

2 -деңгей – “Elementary”

3 -деңгей – “Pre-Intermediate”

4-деңгей – “Intermediate”

5 -деңгей – “Upper-Intermediate”

6-деңгей – “Advanced”

7-деңгей – “IELTS, TOEFL”

Әр деңгейдің түйінді сөздері ретінде қандайда бір деңгейді сипаттайтын етістіктер алынған:

1 -деңгей – “Beginner” – “know” – “біл”

2 -деңгей – “Elementary” – “Learn” – “үйрен”

3 -деңгей – “Pre-Intermediate” – “Study” – “оқы”

4 -деңгей – “Intermediate” – “Practice”– “жаттықтыр”

5 -деңгей – “Upper-Intermediate” – “Speak”– “сөйле”

6 -деңгей – “Advanced”– “Talk”– “ әңгімелес ”

7 -деңгей – “IELTS, TOEFL” – “Value”– “ бағала ”

Егер түйінді сөздердің басқы әріптерін алып қосатын болсақ: Know + Learn + Study + Practice + Speak + Talk + Value, = KeLeShek  PerSpecTiVes   сөзі шығады.