Тіл курстары

Тіл курстары

                                        «Адаммен түсінетін тілінде сөйлессең,сен оның басымен тілдесесің.
Ал егер ана тілінде сөйлессең, онда оның жүрегімен тілдесесің».
Нельсон Мандела

Шетел тілдерін оқып үйренуге деген қызығушылық әр кезде де болды. Сая-сат, ғылым, сауда саласында, саяхаттау барысында адамдар байланыс орнату үшін басқа елдердің мәдениеті мен тілін игеруге тырысты.
Қазіргі өмір жағдайы жоқ дегенде бір шетел тілін меңгеру міндетін жүктеп отыр.Білім беру нарығында түрлі тіл орталықтары білім берудің қызықты әдістерін ұсынуда.
«Keleshek Perspectives» орталығы өз жұмысын шетел тілдерін үйретудің классикалық әдістеріне негіздейді. Қазақ, ағылшын және орыс тілдерін үйретуде біз бірыңғай стандарттар мен оқыту әдістемелерін дайындадық.

Біріншіден – бұл оқыту деңгейлері: beginner → elementary → pre-intermediate →         intermediate → upper-intermediate →  advanced

Екіншіден – бұл жас санаттары: 
 6-дан 10 жасқа дейін; 
11-13 жастағы оқушылар;
14-18 жастағы жеткіншектер
18+ ересектер

Оқыту тілін ескерген өте маңызды. Біздің ойымызша, өзіміз ойлай білетін тілде оқығанның маңызы зор, өйткені сонда ғана басқа тілді тез және жеңіл түрде меңгере аламыз. Қазақ тіліндегі сыныптар үшін ағылшын тілі немесе математика пәні қазақ тілінде жүргізіледі, орыс тіліндегі сыныптар үшін – орыс тілінде, шетелдіктер үшін қазақ тілі мен орыс тілін үйрету ағылшын тілінде жүргізіледі.
Шетел тілдерін үйретуде студенттердің дербес ерекшеліктерін ескерудің де маңыздылығы зор. Сабақтар кішігірім топта (6-8 адам) және жеке-дара өткізіледі.Бірлескен клиенттер үшін де курстар қарастырылған.
Оқу орталығында оқыту барысының сапасын басқаруда Кешенді жүйе қалыптастырылған. Сабаққа қатысу және үлгерім нәтижелерін білуге рұқсат берілген, сонымен қатар қорытында баға біздің сайтта көрсетілген.
Білім деңгейін анықтау үшін сабақ басталмас бұрын алдын-ала тестілеу жүргізіледі. Оның нәтижесі бойынша студент тиісті деңгейдегі топқа орнала-стырылады.
Алдын-ала тестілеуден басқа «Keleshek Perspeсtives» IELTS, TOEFL байқау сынақтарын да жүргізеді. Студент сынақтан ойдағыдай өтсе, топқа қосылады.
    Сабақ кестесі, шарттар мен төлем мөлшері келісім шартпен анықталады.