Қадағалау әдістері

Қадағалау әдістері

Оқу барысының сапасын қадағалау- орталық жұмысының басты міндеті. Тек қадағалау мерзімі мен әдістерін нақты жоспарлағанда ғана тиісті жетістіктерге жетуге болады. Сапаны қадағалу бірнеше сатыдан тұрады:

1.  Алдын –ала тестілеу. Студент  түсер кезде  тест тапсырады (Placement Test),  бұл оның тілді білу деңгейін анықтау үшін  және тиісті топқа кіргізу үшін қажет.

2. Аралық тестілеу.  Жұмыс бағдарламасына сәйкес өткізіледі, айына 2 рет тест өткізуден кем емес. Белгілі бір білімі мен дағдылары сынақталуы мүмкін: тыңдау, оқу, сөйлеу, жазу. 

3. Кешенді тестілеу.  Оқу курсы аяқталған кезде өткізіледі. Мұнда сабақ барысында алған білімі мен дағдылары тексеріледі (тыңдау, сөйлеу, оқу, жазбаша жұмыс, грамматикалық тест).

Тест нәтижелерімен оқушылар мен олардың ата-аналары таныса алады. Тест нәтижелері бойынша сараптама жүргізіледі және жеке ұсыныстар айтылады, оқу курсы аяқталғаннан кейін сертификаттар табысталады.