Ана тілі

Ана тілі

«Зерттеулер бойынша қазақ тілі түркі тілдерінің

ішінде ең бай, ең таза тіл деп танылған.»

Мелиоранский Платон Михайлович.

атақты шығыстанушы-түркітанушы (1868 – 1906)

      Қазақ тілі- қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ топшасына кіреді. Түркі тілдері әлемнің 70-ке жуық ұлттарының ана тілі болып табылады. Барлық алтай отбасыларының тілдері түркі тілдеріне жақын болып келеді: ең алдымен финн-угорлық ( бұл, фин тілі, венгр тілі, мари тілі және т.б. ), маньчжур тілі, моңғол тілі, тұңғыс тілі, жапон және корей тілдерінің болуы да ықтимал. Ал енді Финляндиядан Жапонияға, Солтүстік Мұзды мұхиттан Жерорта теңізі мен Қара теңізге дейінгі аумақтағы халықтардың бір-бірімен ұқсас әрі түсінікті ортақ тілде сөйлесетінін елестетіп көрейік. Әсіресе қазақ тілінде сөйлейтін Ұлы жазықтықтың ірі аумағын атап өткен жөн.              Бұл- Қазақстан.                                                                                                                                                                                                                                             Бар өмірін түркі тілдерін зерттеп, білуге арнаған атақты шығыстанушы Радлов Василий Васильевич (шын аты Вильгельм Фридрих) былай деп жазған: « Қазақ тілі- ең әуезді, сонымен қатар ең тамаша әрі шешен тіл. Қазақтар басқа халықтардан сөзшеңдік өнерімен, таңғажайып шешендік сөздерімен және тапқырлығымен ерекшеленеді. Қазақ тілі ойды нақты әрі айқын жеткізеді. Тіпті қарапайым әңгімелесу барысында сөйлемнің құрылысы мен реттелгендігі өлең жолдарына ұқсас.»                                          Ежелгі қазақтардың руналық жазуларды қолданғанын дәлелдейтін көне жазбалық ескерткіштер де сақталған. Кейін мұсылмандық сенімдердің пайда болуымен бірге араб әріптері де келді, олар 1929 жылға дейін пайдаланылды. 1940 жылңа дейін латын әріптері қолданылды. 40 жылдың басынан бастап қазақ тілі кириллицаға аударылған болатын. Тілдің жазбалық нұсқасы жөніндегі сұрақ әлі күнге дейін күн тәртібіндегі мәселелердің бірі болып саналады.